2022 жылға арналған жұлдыз жорамал — Қазақстан жаңалықтары

2022 жылға арналған жұлдыз жорамал

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі 2022 жылға арналған барлық жұлдыз белгілерінің жұлдыз жорамалын ұсынады.

2022 доңыз жылының келуіне де санаулы күндер қалды. Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылға арналған жұлдыз жорамал физикалық және эмоционалдық деңгейде жақындық, алаңсыз және прагматизмді жыл болады деп уәде етеді. Доңыз жылында бұрынғы одақтардың қалыпқа келуін және жаңа адамдармен одақтастық құруды күтуге болады.

Астрологтардың айтуынша, доңыз жылы қайсарлық пен жігерлілік танытатындарды қолдайды. Тиісінше, өзгерістерден қорықпайтын адамдарды қызықты оқиғалар күтеді. 2022 жыл жұлдыз белгілерінің ішінде шаян, саршаян және балықтар үшін сәтті болмақ. Сондай-ақ, торпақ пен арыстандарға және суқұйғыштарға да бақ қонады деп болжанады.

Тағы оқыңыз:

Тоқты

2022 жылы тоқтыларды көптеген қызықты мүмкіндіктер күтіп тұр. Астрологтар осы жұлдыз белгісінің өкілдері махаббат мен бизнесте және шығармашылықта табысқа жетеді деп болжайды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында тоқтылар қосымша сенімділік пен табандылыққа ие болады.

Сондай-ақ, 2022 жыл тоқтыларда достар мен одақтастардың қарасының кеңеюімен сипатталады. Бұл белігінің өкілдері сүйкімділігінің арқасында жиі көпшіліктіктің назарында болады.

2022 жылы тоқтыларда қуанышты сәттермен қатар, қиындықтар да болу мүмкін. Астрологтар оларға қаржы жағынан мұқият болуды ескертеді. Себебі, осы кезеңде тоқтылар өте ысырапшыл болуы мүмкін.

Торпақ

Торпақтар 2022 жылы өз отбасына мүмкіндігінше көп көңіл бөлуі керек. Астрологтар бұл жұлдыз белгісінің өкілдеріне 2022 жылы балаларына көп қамқорлық жасап, баласының тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп, отбасылық ұяға жайлылық қосып, сүйіктісін одан әрі бақытты етуді ұсынады.

Келесі жыл тоқтыларда отбасы үшін ең қолайлы жыл болмақ. Ал әлі де өз махаббатын таппаған осы белгінің өкілдері отбасымен және достарымен көп уақыт өткізуі керек. Себебі, астрологтар көктемде торпақтарда басшылықпен түсініспеушілік болуы мүмкін деп болжайды.

Бірақ, кейбір шағын түсініспеушіліктерге қарамастан, тоқтылар 2022 жылы бизнес пен қарым-қатынаста табысқа жетеді.

Егіздер

Еңбекқорлығы мен адалдығы және жауапкершілігі үшін 2022 жылы егіздер барлық салада табысқа қол жеткізеді. Бұл белгі өкілдерінің махаббатта, бизнесте және отбасы мәселесінде жолы болады. 2022 жылдың басында-ақ, егіздер өткен жылдан қалған барлық мәселелерді шешіп, жаңа жоспарларды жүзеге асыруға дайын болады.

Қаржы саласындағы жетістіктердің арқасында егіздер әртүрлі алаяқтар үшін магнит болады. Сондықтан, астрологтар бұл белгінің өкілдеріне аса сақ және абай болуға кеңес береді. Сондай-ақ, махаббат майданында да осындай сақтықты ұстау керек. Өйткені, 2022 жылы екінші жартыңызды кездестіруге көп мүмкіндік беріледі.

Шаян

2022 жылы шаяндарда денсаулық бірінші орында болады. Осы белігінің өкілдеріне ақыр соңында, басқа адамдарға ғана емес, өзіне де қамқорлық жасауға уақыт келді. 2022 жылы шаяндар өмір салтын қайта қарастыратын болмақ. Олар спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтана бастайды.

Сондай-ақ, келесі жылы жаңа және жарқын әсерлерге толы болады. Ал бұл белгінің көптеген өкілдері үшін ақша басты мәселе болуын доғарады. Себебі, доңыз жылы қаржы саласында табысқа жетуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, астрологтар шаяндарға жақындарына көбірек назар аударуға және жайлы үй жағдайын жасауға кеңес береді.

Арыстан

Егер арыстандар 2022 жылы барлық оқиғалардың эпицентрінде болудан қорықпаса, олар үлкен жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, бұл жұлдыз белгілерін ішкі өсу мен көпшіліктің назарында болу мүмкіндігі күтіп тұр.

Алдағы жылы олардың беделі өсіп, алда жүреді. Бірақ, негатив пен агрессия танытудан аулақ болуыңыз керек, өйткені бұл барлық эмоциялар арыстандарға молынан оралады. 2022 жылы арыстандардың жарқын жүзділігі мен ақкөңілділігі көп сәттілік әкеледі.

Тұтастай алғанда, астрологтар арыстандарды көптеген жаңа танысулар мен тиімді ұсыныстар күтіп тұр деген болжам жасауда.

Бикеш

2022 жыл бикештер үшін де сәтті жыл болады. Көптеген мүмкіндіктерге ие болған бикештер жалқаулықтан толығымен бас тартуға және еңбекқорлыққа мұқтаж. Келесі жылы бұл белгінің өкілдері көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, астрологтар бір мүмкіндікті де жібермеу үшін батыл және үнемі мұқият болуға кеңес береді.

Махаббат мәселелерінде бикештерге әдептілік пен әдепсіздік арасындағы ортаны табуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, 2022 жылда бикешкерге ықылас білдірушілер көп болады. Сонымен қатар, қалағаныңызға ақша шаша бермей, қаржы тұрғысынан да мұқият болуыңыз керек.

Таразы

Аз ойлап – көп әрекет ету! Таразылар 2022 жылы осы ұранды ұстануы керек. Шындығында, мүмкіндіктер көп болса, ойлануға көп уақыт болмайды. Бірақ, бұл осы белгінің өкілдеріне сақтанудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, өздерініңіз білетіндей сақтықтың ешқашан артықтығы жоқ.

2022 жылдың ішінде таразылар жұмыс пен бизнесте көптеген қызығарлық ұсыныстар алады. 2022 жылы отбасылы таразылар туыстарымен жылы-жарқын арасып, жан тыныштығын табады.

Саршаян

2022 жыл саршаяндар үшін табысты болуға уәде етеді. Және 2022 жыл осы жұлдыз белгілерінің барлық өкілдерінің дұшпанына сәтсіз жыл болмақ. 2022 жылы саршаяндардың барлық жағымды мүмкіндіктері белсенді болады.

Ал, саршаяндар неғұрлым көп кедергілерге тап болса, олар соғұрлым күшті болады. Жалпы алғанда, доңыз жылы өте табысты болуы тиіс. Сондай-ақ, саршаянның өздері күш-қуат пен белсенділікке ие болып, бизнесте табысқа жетеді.

Бірақ, саршаяндардың жеке өмірінде сәтсіздік орын алуы мүмкін. Астрологтардың айтуынша, мүмкін емес нәрселерді талап етпейтін саршаяндар екінші жартысын оңай таба алады.

Мерген

2022 жылы мергендер оң өзгерістердің нәтижесі ретінде эмоционалды жоғары сезімге ие болады. Келесі жылы мергендер үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Жеке өмірдегі жетістіктер тіпті кәсіби саладағы мәселелерді де жеңе алады. 2018 жылға қарағанда, мергендер 2022 жылы өз мансабына және басқаларға көбірек көңіл бөледі. Алайда, астрологтар мергендерде кәсіптік салада үлкен өзгерістер болмайды деп болжайды.

Мергендер үшін басты артықшылық тіл табысқыштығының өсуі. Бұл белгінің өкілдері жаңа достар мен серіктестерді оңай таба алады. Және кез-келген идеялар табысты жүзеге асуға мүмкіндік алады.

Тауешкі

Қабан жылы тауешкілер үшін жағымды тосынсыйларға толы болады. Қаржы мәселесінде және жеке өмірде де кенеттен өзгерістер болуы мүмкін. Сондай-ақ, келесі жылы болашақта мансаптық тұрғыда өсуге көмектесетін көптеген жаңа адамдармен танысасыз. 2022 жылы махаббат майданында да табысқа жету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Бірақ, астрологтар табысқа және жаңа жетістіктерге жету жолында тауешкілер денсаулығын құртып алуы мүмкін, деп сақтандырады. Сондықтан бұл белгінің өкілдері денсаулығына көбірек уақыт бөлуі керек.

Суқұйғыш

2022 жылы суқұйғыш өз табиғатына байланысты бірқатар шағын мәселелерге тап болуы мүмкін. Ал ондай мәселелерді туыстары шешуге көмектесетін болады. Бірақ соған қарамастан, оларды көптеген жағымды оқиғалар күтіп тұр. Астрологтар келесі жылы қызықты оқиғалар мен жарқын эмоцияларға толы жыл болады деп бойлжайды.

Позитивті көзқарас суқұйғыштарды көптеген адамдармен жақындастырады. Жалпы, осы белгісінің өкілдері келесі жылды жақын достарының ортасында өткізеді.

Балықтар

Астрологтардың сөзіне сүйенсек, балықтар келесі жылды өз мақсаттарына қол жеткізуге арнайды. 2022 жылы пайдалы нәрселер жайлы қиялдайтын балықтар сөзсіз, табысқа жетеді. Әсірессе, шығармашыл балықтар үшін қолайлы жағдайлар көп туады. Ал, балықтар жаңа идеялары түсіністікпен, басшылықтың қолдауының арқасында таба алады.

Келесі жылы қаржылық жағынан табысты болатынымен, балықтар ақшаны бекер далаға шашпай, сақ болы тиіс. Себебі, бұл белгінің өкілдері күтпеген жерден қомақты сома жұмсап, үлкен заттар салып алуы мүмкін.

Жұлдыз Жорамал: 2022 жылда сені не күтіп тұр?

Ал, достар! Көзді ашып-жұмғанша Доңыз жылына аяқ бастық. Орыс тілінде Қабан, шошқа жылы десе, қазақша түсінік бойынша биыл – Доңыз жылы. Қалай атасақ та, өткен жылға рахмет айтып, 2022 жылдан тек жақсылық күтейік! i-Sulu.kz сайтының оқырмандарына мықты денсаулық, бақытты өмір тілейміз! Жаңа жыл махаббат пен мейірімге толы жыл болып, армандарың орындалсын!

Астрологтар да биылғы жылды жақсылыққа балайды. Ал сен үшін 2022 жыл қандай болмақ? Жұлдыз-жорамалға назар аударайық.

1. Тоқты

Тоқты белгісінде туғандар үшін 2022 жыл мүмкіндіктерге толы болмақ. Саяхат жасап, рухани баи түсесің. Оқу, білім жолында ынтаң арта түспек. Соның арқасында жұмыс, қызмет жолында өсу болмақ. Биыл көпшілік назарында болып, өзіңе деген сенімділік арта түспек. Доңыз жылында махаббатыңды кездестіруің мүмкін, ал сүйіктісі барлар керемет сезімге бөлене түседі. Қысқасы, жеке өмір, оқу, жұмыс, шығармашылықта жолың болады.

2. Торпақ

Торпақтарға Доңыз жылы отбасына және жақын достарына көбірек көңіл бөлуге кеңес береді. Сонда ішкі жандүниең үйлесім тауып, махаббатта жолың ашылады. Кез-келген қиындықта жақындарың мен жан достарың ғана сүйеу болатынын ұмытпа! Сондай-ақ, Жоңыз биыл саған «Оқы, оқы және оқы!» деп кеңес береді. Ал бизнес ашу ойыңда болса биылғы жыл нағыз қолайлы уақыт болмақ.

3. Егіздер

Ал егіздер 2022 жылы барлық салада табысқа жетеді. Сондықтан қазірден бастап өткен жылға есеп беріп, жаңа жылға жоспарыңды құра бер. Жолың ашық. Қаржы жағдайы да оңай шешіліп, алға қойған мақсатыңа жетесің. Ал махаббат әлемінде сені ғаламат сезім күтіп тұр. Тек қатты сезімге беріліп, өзіңді жоғалтып алма!

4. Шаян

Доңыз жылы шаян белгісінде туғандарға алдымен денсаулығыңды күтуге кеңес береді. Әрдайым айналасына қамқор шаяндар енді өздеріне көңіл бөлуі керек. Талғаммен тамақтанып, спортпен шұғылданғаның дұрыс. Сонда түрлі аурулардың алдын аласың. Ал ақша мәселесі оңай шешіліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Арыстан белгісінде туғандар үшін 2022 жыл нағыз жұлдызды сәтке толы болмақ. Биыл олардың қоғамда, өз ортасында белсенділігі артып, қыруар шаруа тындырып тастайды. Өзінің табандылығының арқасында беделі артып, абыройы асқақтай түспек. Арыстандар ақкөңіл болған сайын оның әр бастаған ісі табыспен аяқталып отырады. Сондай-ақ, махаббат жолында жаңа танысулар күтіп тұрғанын да айта кетейік.

Доңыз жылы бикештер үшін де табысты жыл болмақ. Еңбекқор бикеш кез-келген жұмыстан бас тартпайды, соның арқасында көп мақсатына қол жеткізеді. Ең бастысы батылдық. Ескі жылда бітпеген шаруаларды тиянақтап, үйдегі мәселелердің шешімін табасың. Ал махаббат жолында көп алданып қала беретін бикештерге Доңыз жылы сақ жүруге кеңес береді. Егер сүйіктің бар болса, оған көбірек көңіл бөлгенің жөн.

7. Таразы

Кез-келген мәселені таразылап барып, шешім қабылдайтын таразылардың ішкі түйсігі өте жоғары. Соның арқасында көптеген мүмкіндіктерде оң шешім танытып, көптеген табысқа жетеді. Бірақ ақша соңында кетпей, жақын туған-туысты да ұмытпаған жөн. 2022 жылы Таразылар жаңа пайда болған махаббаттан басы айналып, бұрыннан араласатын сүйіктісінің көзіне шөп салуы мүмкін. Сондықтан жаңа таныстардан өзіңді сақ ұста. Бұрыннан сенімге кірген жігітіңнің қадірін біл.

8. Сарышаян

Доңыз биыл сарышаяндарға барынша қолдау көрсетеді. Кез-келген кедергіні еңсеріп кете беретін мүмкіндік туады, жалпы жыл табысты, ақшаға толы болмақ. Жаңа ұсыныстар түсіп, қаржы әлемінде еркін жүресің. Ал оқуыңда сәл қиындық тууы мүмкін. Дер кезінде қолға алып, қиындықтың алдын алуға болады. Тек жеке өміріңде аздап сәтсіздіктер болуы мүмкін, бірақ сарышаян үшін сүйіктісін табу еш қиынға соқпайды. Өйткені олар өздерінің тартымдылығымен-ақ кез-келген жанды өздеріне баурап алады.

Мерген белгісінде туғандар үшін 2022 жыл буырқанған сезімге толы болмақ. Жеке өмірде сүйіктісінің махаббатына бөленіп, ертегі әлемінде өмір сүреді. Осының арқасында ол ақша, оқудағы кейбір қиындықтарды оп-оңай еңсеріп тастайды. Ойға алған арман-мақсаттарың орындалатын жыл. Ең бастысы еңбек бәрін жеңбек екенін ұмытпа!

10. Тауешкі

Доңыз жылы тауешкілер үшін күтпеген жаңалыққа, сыйлыққа, жақсылыққа бөленетін жыл. Махаббат әлемінде табысқа жетесің. Қоғамдық өмірде де белсендігің арта түседі. Ал денсаулық аса күтімді қажет ететінін ескергенің жөн.

11. Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін де Доңыз жылы көңіл-күй, асып-тасыған сезім жылы болмақ. Сәл қиындық болса туыстары көмекке келеді, сондықтан да ол үнемі жақындарының қолдауын қажет етеді. Ең бастысы әрнәрсеге оң сыңай танытсаң мәселе оңай шешіледі. Жаңа танысулар мен кездесулер күтіп тұр.

12. Балық

Балықтар үшін 2022 жыл мақсатқа қол жеткізетін, армандар орындалатын жыл. Тың идея мен жаңа жоспарлар жылы. Әрдайым өз ортасының қолдауына ие болып, қолға алған істі тез дөңгелетіп әкетеді. Бірақ ысырапшылдықтан сақ болуы керек. Махаббат жолында тұрақтылық орын алады.

Ernur Press

​2022 жыл: Қаңтар айына арналған жұлдызжорамал

2022 жылдың қаңтар айында Сізді не күтіп тұр? Қандай жағдайға дайын болып, нендей нәрседен сақтану керек? Осы сынды сұрақтардың жауабын жұлдызнама береді.

Тоқты

Жаңа жылдың басы сіз үшін қарбалас пен қауырт істерге толы болмақ. Қаңтардың бірінші онкүндігінде жұмыс орныңызда атқарылатын істер мен тапсырмалар саны артады. Қарқынды жұмысқа төтеп беру үшін физикалық күйіңізге, денсаулық пен дұрыс тамақтануға ұқыпты болыңыз.

Айдың ортасына қарай бұл қарбалас бәсеңдейді. Бұл кезең — біршама жаңа бастамаларды қолға алуға ең оңтайлы уақыт. Табыс пен жетістікке жеткіңіз келсе, жалғыз емес, ұжыммен бірге әрекет етіңіз.

Қаңтардың соңғы онкүндігінде жоспарларыңызға түрлі жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін. Оларға қарсы күреспеңіз, жағдайға қарай икемделіп, жоспарларыңызға аздап өзгеріс енгізген дұрыс.

Қаңтарда құнды қағазға қатысты істерге аса сақтық танытыңыз.

Торпақ

Бұл ай сізді біраз әуре-сарсаңға салады. Әйткенмен, бәрінің соңы өзіңіз үшін нәтижелі аяқталады. Айдың екінші онкүндігі көптен күтіп жүрген мүмкіндіктерді алдыңызға әкеп тосады. Тек пайдалана біліңіз де, болашақтағы үлкен табыстардың іргетасын қалап үлгеріңіз. Үлкен көлемдегі істі бастауды батыл түрде қолға алуға болады. Уақытты босқа өткізбей, белсенді болыңыз.

Үшінші онкүндікте біршама «бұрынғымен» қош айтысуға тура келеді. Ол әріптес, қызмет орны немесе мансап сатысындағы дәл қазіргі тұрған тұсыңыз болуы мүмкін. Әйткенмен, көңіліңіз түспесін, бұл Сізге жаңадан бастауға берілген үлкен мүмкіндік.

Егіздер

Қаңтар айы Сіз үшін бірқалыпты, тыныш өтеді. Өмірді барынша ләззат ала сүресіз, күнделікті күйбеңді де жасалусыз қалдырмайсыз. Яғни, шынайы өмір мен көңіл қалауын қатар алып жүрудің ортақ жолын табасыз.

Айдың екінші онкүндігінде кәсіби тұрғыда болашағы зор ұсыныстар түседі. Ықпалды адамдармен қарым-қатынасыңыз нығайып, қызметтік қанатыңызды шет мемлекет аумағына да жаюға мүмкіндік туады.

Қаңтардың соңғы күндері барынша белсенділік танытып, өзіңізді дамытуға, біліктілікті арттыруға күш салыңыз.

Шаян

Бұл айда барынша сабырлы болуға тырысып, эмоцияңызды жіті басқаруға тура келеді. Әріптестер не туыстармен араңыздағы кез келген кішкентай келіспеушіліктен үлкен дау туып кетуі мүмкін.

Басқа уақытқа қарағанда, айдың ортасы Сіз үшін жемісті күндер болмақ. Материалдық жағдайыңыздың жақсаруына, кәсіби біліктіліктің, қызметтестер арасындағы абыройыңыздың артуына ықпал ететін нәрсе көп.

Ал, айдың соңына қарай өзіңізге демалуға, миды тынықтырып, ойды жинақтауға көбірек мүмкіндік беріңіз. Күтпеген жағдайлар әсерінен жүйкеңізге айтарлықтай салмақ түскелі тұр.

Арыстан

Арыстандар үшін қаңтарда белсенді еңбек кезеңі басталады. Жұмыс, қызмет деп сабыла бермей, бір уақ өзіңізге де көңіл бөліңіз. Денсаулық қамын ойлаңыз. Қауырт емес, аса маңызды емес істерді жоспардан сызып не кейінге қалдыруға тырысыңыз.

Айдың екінші жартысында эмоционалдық жай-күйіңіз қалыпты, бойыңыз энергияға толы болады. Міне, осы уақытта атқарған кез келген ісіңіз, ол қызметке қатысты болсын, үй шаруасы болсын, ләззат, қуаныш сыйлайды. Сондықтан, бұл кезеңді біршама іс тындырып алуға қолайлы шақ деуге болады.

Бикеш

2022 жыл Сіз үшін ең сәтті кезеңімен басталғалы тұр. Қаңтар айы бойынша қызықты сапарлар, ой мен көзқарастарыңыз үндес жандармен таныстықтар күтіп тұр. Сондай-ақ, жақын-жуықтармен ара қатынасыңыз бұрынғыдан да жылы бола түседі. Ал, сіз жауапты болған істер сәттілік атты серігіңіздің арқасында біршама жетістікке жеткізеді.

Айдың екінші онкүндігі жаңа идеяларды қолға алуға, бизнес-жоспар құруға оңтайлы кезең. Ал, үшінші онкүндік — осы ойлар мен жоспарларды жүзеге асыратын уақыт. Бұл күндері бойыңыз қуатқа, ойыңыз жақсы үмітке толы болады.

Таразы

Сіз үшін де қаңтар — жақсы да жайлы кезең. Айдың алғашқы онкүндігінде махаббатта, отбасылық қарым-қатынаста көптеген жағымды жайлар орын алады. Жақын адамдармен араңызда толықтай үйлесім мен түсіністік орнайды.

Айдың екінші онкүндігінде үйдегі мінсіз, жайлы атмосфераны қызметтегі жетістіктеріңіз толықтыра түседі. Әсіресе, шығармашылықпен айналысатын Таразылардың тасы өрге домалайды.

Бірақ, бұл жағдай қаңтардың соңына дейін жалғаспауы мүмкін. Ол енді өзіңізге байланысты. Кездейсоқ туындаған келеңсіздіктер тұсында өзіңізді қалай ұстайсыз: сабырмен ойланып, салмақты шешім қабылдайсыз ба әлде эмоцияға беріліп, асығыс әрі үстірт қадамдар жасайсыз ба.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін қарқынды, қарбалас жұмыс кезеңі басталады. Айдың алғашқы күндерінен-ақ арқаңызға көп жауапкершілік пен міндер артылады. Өзіңіз мүлдем күтпеген тұстардан қосымша тапсырмалар шығуы мүмкін. Сондықтан, бұл уақытта достармен басқосу, қыдыру, демалуды жоспарламай қоя тұрған жөн.

Айдың орта шеніне қарай бойыңызға күш-қуаттың құйылып келіп жатқанын байқайсыз. Өзіңізге деген сенімділік арта түседі. Бар уақыт пен жігеріңізді жұмсап жасаған ісіңіздің алғашқы жемістерін де осы уақытта көре бастайсыз.

Ал, айдың соңына қарай күтпеген өзгерістерге дайын болыңыз. Ол іссапар немесе жоспарланбаған шығын болуы мүмкін.

Мерген

Қаңтар Сіз үшін қарама-қарсылыққа толы ай болғалы тұр. Басталғаннан-ақ қиындық тудыратын сапарлар, шиеленіскен жағдайлар шығады алдыңыздан. Жарақаттану қаупі де ұлғаяды. Сондықтан, барынша сабырлы да сақ болуға тырысыңыз.

Біршама уақыт шыдасаңыз, айдың екінші онкүндігінде Сіз күткен тыныштық орнайды. Бұл уақытта қабылдаған кез келген шешіміңіз бен жаңа бастамаңыз сәтті де нәтижелі болмақ.

Шығармашылықпен, интеллектуалдық ой еңбегімен айналысатын Мергендер үшін тың тақырып, жаңа идея іздеуге ең қолайды уақыт — қаңтардың соңғы онкүндігі.

Тауешкі

Қаңтардың басында біршама жүйкеңізді жұқартып, уайымға салынуға мәжбүрлейтін, шаршататын жағдайлар орын алады. Жайсыздықтар күтпеген жерден келеді әрі ол туыстарыңызға және денсаулыққа қатысты болуы мүмкін. Бір жақсысы, ұзаққа созылмайды.

Айдың екінші жартысында сәттілік кемесінің сіздің айлаққа келіп тұрақтағанын сезесіз. Жұлдыздар осы уақытта белсенділік танытып, мақсатқа қарай қадам жасауға кеңес береді.

Айдың соңғы онкүндігі жаңа жоспар құруға, жаңа мақсат межелеуге оңтайлы кезең. Бұл күндері келіспеушілік, сәтсіздік қаупі ең төменгі деңгейге түседі. Сондықтан, ойда жүрген істерді жүзеге асыруға асығыңыз.

Суқұйғыш

Айдың алғашқы аптасы өмірлік серігіңізбен арадағы қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы кезең. Ал, жалғызбасты Суқұйғыштарды бұл уақытта жаңа таныстық пен өткінші махаббат тосуда.

Айдың орта шеніндегі күндерді өзіңізбен арпалысумен өткізесіз. Психологиялық дискомфорт орнап, өзіңізге көңіліңіз толмай, ішкі меніңізбен арпалысасыз. Дәл осы уақытта келіссөз жүргізу, келісімшартқа отыру, басқа да маңызды шаруаларды қолға алмағаныңыз дұрыс.

Мұндай маңызды шаруаларды қаңтардың соңына қарай қалдыра беріңіз. Өзіңізге деген сенімділік те, жұмыс қарқыныңыз да, белсенділік те артатын кез келеді.

Балықтар

Сіз үшін ең жемісті де табысты әрі үнемді шақ келді. Айдың алғашқы онкүндігінде ойларыңыз үндес, көзқарастарыңыз ортақ адамдармен істес боласыз. Бұл серіктестіктің сәттілік әкелмеуі мүмкін емес.

Ай ортасына қарай өміріңізге өзгеріс енгізуге деген құлшыныс оянады. Нәтижесінде жаңа идея, жаңа мақсат, жаңа жоспарлар пайда болады. Ойыңызды жүзеге асыру жолына басы бүтін беріліп кетпеңіз. Күнделікті өмірдегі міндеттеріңізді де ұмытпауға тиіссіз. Әйтпесе, жаңа нәрсеге қол жеткізем деп жүріп барыңыздан айрылуыңыз ғажап емес.

Аударған: А.Мейірханқызы,

2022 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал

Тоқты

2022 жылдың қаңтар айы сізді жаңа, әрі қызықты оқиғалармен қуантады. Ол үшін тоқтылар тек өмірден мотивация алып, орнынан қозғалуы керек. Сізге жаңа хоббидің ашық кеңістігін жаулап алудың уақыты келді, ал бұл кезде ең бастысы – жарты жолда тоқтап қалмаңыз.
Қаңтар айы сізді тек тыныштықпен және үйлесімдікпен қуантатынына сенімді болмаңыз. Керісінше, жаңа күнтізбелік жылдың басында көптеген қарбалас оқиғалар мен жайсыздықтар орын алуы мүмкін.

Жыл иесі тоқтыларды барлық күш-жігермен қолдау көрсетуге, шабыттандыруға және негізгі басымдықтарды өз орынына қоюға дайын. Жылдың бірінші айы «барлық мерекелерді тойлаймын, содан кейін шайқасқа шығамын» ұранымен өтеді. Егер сіз барлық жағынан мақсатқа жету балансын сақтасаңыз, онда позитивті толқынды ұстай аласыз. Сондай-ақ, жұлдыздар бұл белгінің өкілдеріне жақындарына өз эмоцияларын шығармауға кеңес береді, дұрысы агрессиямен күресудің басқа тәсілін табу керек.

Торпақ

Торпақтарға болашақ жоспарлар туралы ойланып, өмірін қайта ойластыруға қолайлы уақыт келді. 2022 жылдың қаңтар айы торпақтарға мерекелерді қызықты өткізуге және жұмыс күндерін белсенді түрде бастауға мүмкіндік береді. 5 ақпанда ит басқару билігін доңызға беретіндіктен, өткен жылда қолға алған барлық бастамаларды тезірек аяқтаған маңызды және 2022 жылға бар ынтамен кірісу керек.

2022 жылдың басы сізді күтпеген жағымды сюжеттермен таңдандыратынына моральдық және психологиялық тұрғыдан дайындалғаныңыз жөн. Бұл жылы жағымсыз оқиғаларға қарағанда, жағымды жайттар әлдеқайда көп болады.

Егіздер

Бұл белгінің өкілдері өте тапқыр, жайдары және харизматикалық тұлғалар. Олар жаңа адамдармен араласқанды қатты жақсы көретін көшбасшы және кез-келген уақытта көмектесуге дайын нағыз дос. 2022 жылдың қаңтар айы егіздерді жаңа перспективалармен қуантады және ол күнге де аз уақыт қалды. Жалпы доңыз жылы егіздерге жетістікке жетуге көмектесетін болады.

2022 жылдың қаңтар айы сізге ішіңіздегі күдіктермен қоштасып, сенімді әрекет етуді ұсынады. Егер сіз еш әрекетсіз құрқол отырсаңыз, онда жыл толығымен тыныш, білінбей өтіп кетеді. Және 2022 жылдың соңында қорытынды шығатын кезде, сізде мақтанатын ештеңе болмайды. Сондай-ақ, арасында жұмыстан кейін демалып тұруды да естен шығармаңыз.

Шаян

Жаңа жылдың басында шаяндар барлық оқиғаға уақыт өте келе апатияға ауысатын жоғары эмоционалдық реакциямен қарайды. Арты-артынан мерекелер келгенімен, бірақ жұмыстың тоқтап тұрмайтынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, басшылық сізден мүмкін емес нәрселерді талап етуі мүмкін екенін де естен шығармаңыз. Атқару керек жүктемелер жинақталып, енді сіз ол ауыр жүкті арқалап, көтеріп жүруге міндетті боласыз.

Шаяндардың еңбекқорлығына қызыға да, қызғана да қарауға болады. Мұндай адамдар алдына орындалатын миссиялар қойып, көкейкесті мақсатына баяу қадаммен жетеді. Айдың соңында басшылық жалақыңызды көбейтіп, бонус түрінде қосымша қаражат беруі мүмкін.

Ал жеке өміріңізде үлкен өзгеріс болады деп болжанады. Егер сіз әлі күнге дейін арманыңыздағы адамды іздеп жүрсеңіз, алдағы уақытта жүрегіңіз міндетті түрде жібитін болады.

Арыстан

Жұлдыз белгілерінің ішінде күтпеген әрекеттерімен таңғалдыратын ең жарқын белгілердің бірі арыстандар. Арыстандар өз адамдарына дәйектілікпен назар аударады. Мұндай адамдар харизматикалы, өзіне сенімді және көңілді болып келеді. Егер алдына мақсат қойса, онда оған кез-келген жолмен жетуге дайын.

2022 жылдың қаңтар айы арыстандарға міндетті тұрде пайдалану керек жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Жұмыста және жеке өміріңізде құштарлық өрши бастайды. Сондықтан, өсек-аяңға араласудан аулақ болыңыз, әйтпесе салдары өзіңізге тиіп кетуі мүмкін.

Сондай-ақ, 2022 жылдың қаңтарында жұлдыздар біреулерге қарыз бермеуге кеңес береді. Әйтпесе, сіз оның қайтаруын бір жыл бойы күтуіңіз мүмкін.

Бикеш

Бикештер 2022 жылдың қаңтарынан бастап алдына бәрі міндетті түрде жаңаша болуы тиіс деген мақсат қоюы керек. Бикештер проблемаларға жабысып алуға бейім және өздерін үнемі қажетсіз эмоциялар мен ойлармен жүктейді. 2022 жылдың қаңтар айы сізді тек бір бағытқа жұмсағың келетін көп энергиямен қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл энергияны қайда жұмсайтыныңды алдын-ала шешіп алу керек.

Мерекеден кейін сіз тез арада жұмысқа шығуға құлшынатын боласыз. Жаңа жобаларды алып, осы екі аптада жұмсалған қаражат қорын толтырғыңыз келеді.

Таразы

Таразылар үйлесімділік пен теңгерімге ұмтылатын ең байсалды белгілердің бірі. Бірақ, мұқият талдау әрдайым пайдалы бола бермейді. Әдетте, осы белгіде туған адамдар көптеген мәселелерді өзі тудырып, өзіне-өзі қиындық тауып береді.

Мұның бәрі сенімсіздіктен және шешімді толықтай ойлап-пішпегеннен басталады. Кейде бұл процесс тіпті фанатизмге дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан, сізге жағдайды босатуды және барлық нәрсеге жеңіл қарауды үйрену керек.

Саршаян

5 ақпанда ит басқару билігін доңызға беретіндіктен, саршаяндарға барлық жұмысты мүмкіндігінше тез аяқтауға кеңес беріледі.

Ал жаңа ай туған күні, 6 қаңтарда сапарға шығуға кеңес берілмейді. Себебі, бұл күн қаладағы кез-келген қозғалыс үшін қолайсыз болуы мүмкін.

Қаңтар айы бойы сізге энергия мен күш, сергектік түскенін сезінетін боласыз. Бірақ, мұндай күшті дұрыс бағытта жұмсау керек. Өйткені, тек еңбек еткендер ғана қалаған мақсатқа қол жеткізеді. 21 қаңтарда ай толатындықтан әлсіздік мен шаршаңдықты сезінесіз, бірақ бұл тек уақытша құбылыс. Ондай кезде үйде демалып, күш-қуат жинап алсаңыз, келесі күні сергек жүресіз.

Мерген

Мергендер жаңа ай туғанда өзін аздап еркін сезіну және өз ойымен бөлісу үшін уақытын жақын адамдарымен өткізу керек.

Жаңа жылда мергендерге шамадан тыс жомарттымен күресу қажет болады. Бұл белгінің өкілдері көптеген мәселелерде тым ысырапшыл және ақша шашқыш болып кетті.
21 қаңтарда ай толған кезде достарыңызбен көңіл көтеріп, өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Жағымсыз көңіл-күй тез өтіп кететінін жақсы білесіз, сондықтан сіз жұлдыздардың кеңесіне құлақ асып, көңіл көтеруден бас тартпаңыз.

Тауешкі

Бұл белгінің өкілдері мереке күндерінде аздап босаңсып, жемісті жұмысқа бейімделе алмай қиналатын болады. 2022 жылдың қаңтар айы тауешкілер үшін жалқаулықты жеңу мен мотивация іздеудің алғашқы қадамы болмақ. Егер өз ойыңызды жинақтап, басымдылықты дұрыс орнатпаған болсаңыз, оны ақпан айында немесе басқа айда жасай алмайсыз.

2022 жылдың қаңтарында өз жұмысыңызды біреуге сілтеп, жүктемеңіз және жауапкершіліктен қорқудың қажеті жоқ. Жұлдыздар сізге кез келген іске ынта-жігермен кірісуге кеңес береді және көптен күткен нәтижелер ұзаққа создырмай жемісін береді.

Тауешкілерде өзін көрсетуге тамаша мүмкіндік туды. Ал қаңтар айында тауешкілердің жеке өмірінде бәрі жақсара бастайды. Тіпті суық мезгіл де жылы, жұмсақ және нәзік сезімдерді білдіруге кедергі болмайды.

Суқұйғыш

Бұл белгінің өкілдері бір мезгілде бірнеше істі қолға алып, оны аяғына дейін жеткізбей, жарты жолда тастап кеткенді жақсы көреді. Өйткені, суқұйғышта өмірлік қуат пен ынта көп. Бірақ, оларды дұрыс бағытта басқарып үйрену маңызды болмақ. Сонда ғана суқұйғыштар көкейкесті мақсатына тез жете алады. 5 ақпанда салтанатты оқиға өтпекші. Билік доңыздың қолына өтетіндіктен, сізде шамалы демалып, ойыңызды жинақтап алуға тағы бір ай бар.

Балықтар

Қаңтар айы сізге өткен жылда қандай қателіктер жасалғанын түсініп, қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл сізге жақын болашақта сол қателіктерді қайталамауға көмектеседі.
Қаңтар айының алтыншы жұлдызында жаңа ай туған кезде уақытыңызды үйде достарыңызбен немесе жақындарыңызбен өткізгеніңіз дұрыс болмақ.

Көп жағдайда балықтар ұятсыз және селқос адам болып көрінгісі келеді, бірақ шын мәнінде олардың ішінде эмоциялар мен құмарлықтың нағыз оты жанып тұр.

2022 жылға жұлдыз жорамал: Жаңа жылда кімдердің жолы болады?

Жаңа жыл Шаян, Сарышаян және Балықтар үшін аса табысты болмақ. Ал несімен табысты екенін жұлдыз жорамалдан оқыңыз

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астролог мамандардың айтуынша, 2022 жыл қай жағынан алып қарасақ та, табысты болмақ. Доңыз мейірімді және ашық жануар болғандықтан, ашу мен ызаны көп ұната бермейді. Сондай-ақ, өзінің аңғал әрі сенгіш мінезінің арқасында жиі құрбан болады. Сол себепті, жеке қарым-қатынас пен ақша мәселесіне келгенде сақ болыңыз. Орыстардың «Сене отырып, тексер» деген мәтелі осы жылдың басты ұранына айналуы тиіс.

Олай болса, 2022 жылдың әрқайсымызға не сыйлайтынын жұлдыздар айтсын.

Сізге бойыңызда тасып тұрған энергия мен күшіңіз 2022 жылы адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетуіңізге көмектеседі. Әсіресе кейінгісі алдыңызға қойылған мақсаттарыңызға бір табан жақындата түседі. Оның үстіне Тоқтылардың жыл сайын өзіне қойған талабы өсіп келе жатыр. Сондай-ақ, махаббат мәселесіне келгенде де әбден жолыңыз болады. Тіпті, екі жүрек хикаясы тойға ұласпаса да, тамаша естеліктер қалады. Жаңа жылдың алғашқы күндері ақшалай табысыңыз еселене түседі. Өйткені еккен ағашыңыздың жемісін жейтін күн жақындап қалды.

2022 жылы сізге айналаңыздағылармен тіл табыса білу және оларға ұнауға тырысу қасиеті өте қатты қажет болады. Себебі осы айналаңызда жүрген жандар сізді бизнес, қаржы және шығармашылық саласындағы қиындықтарыңызды шешуге көмектесетін адамдармен таныстырады. Мұнымен қатар, бүкіл әлем сізге жаңа бір нәрсені меңгеруге көмектеседі. Мұны міндетті түрде қолданбалы өнермен байланыстырудың қажеті жоқ. Доңыз жылы зеректігіңізді арттырып, түйсігіңіздің арқасында қаржылай қиындықтарды айналып өтетін боласыз. Жинаған ақшаңызды табысты бизнеске инвестиция жасауыңыз да ғажап емес.

Жаңа жылда білегіңізді сыбанып, жақсылап жұмыс істеуіңізге тура келеді. Үнемі әрі табанды түрде еңбектенетін боласыз. Егер жарты жолда тоқтап қалмайтын болсаңыз, Доңыз сізге бір қап алтын әкеліп береді. Бірақ қандай жағдай болмасын, майда-шүйде нәрселерге мән беруді ұмытпаңыз. Келісімшарттағы бір ғана оқылмай кеткен сөйлемге бола бар жиған-тергеніңізден айырылуыңыз мүмкін. Арасында тапқырлық танытуыңызға тура келеді. Әйел Егіздер ханзадалар мен патшалардың махаббатына бөленеді. Осы махаббат хикаяларының бірі некемен аяқталады.

Осы күнге дейін еңбегіңіз еш кетті деп ойлап келсеңіз, Доңыз жасағандарыңыздың нағыз ақысын көрсетеді. Егер осы бетіңізбен әрі қарай да талмай еңбектенетін болсаңыз, өзіңіз армандаған биік шыңдарды бағындырасыз. Сондай-ақ, өзіңізге, өз күшіңізге сенім артсаңыз, Доңыз жылы осы сеніміңізге лайық көп себеп тауып береді. Ең бастысы, өзгерістерден қорықпаңыз. Бұл өзгерістер сізді бақытты да берекелі өмірге бастайды.

Табыс өзін қабылдауға дайын тұрған адамдарды ғана жақсы көреді. Сол себепті 2022 жылы бір істі қолға алуды жоспарлаған болсаңыз, оны жүзеге асыруды жыл басынан бастағаныңыз жөн. Доңыз жылы көп ойланбай, шешім қабылдайтын сәтте батылдық танытсаңыз, ертегідегідей таңғажайып болуға уәде береді. Сондай-ақ, энергия қорын толықтырып отыруды ұмытпаңыз. Себебі үлкен істің алдында бұған уақытыңыз болмауы мүмкін. Жұлдыздар ішімдіктен бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Әсіресе асқазан мен жүрегіңізге ерекше мән беріңіз. Бұл — сіздің әлсіз тұстарыңыз.

Доңыз жылы сізді күш-қуатыңызды дұрыс жұмсауға үйретеді. Егер әзірден бастап ойға алған жобаларыңызды жүзеге асыруға кіріссеңіз, жаздың ортасына қарай материалдық жағдайыңыздың жақсарып қалғанын байқайсыз. Бірақ осы жолда достарыңызды жоғалтып алып жүрмеңіз. Әсіресе, бала күнгі достарыңызбен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысыңыз. Керек жерде орнымен айтылған сөздің көмегі тиері сөзсіз. Сол себепті дәл қазір жақын адамдар сізге керек еместей болып көрінгенімен, алдағы қиын сәтте олар сізге сүйеніш болатынын ұмытпаңыз.

2022 жылы сіз үшін «тепе-теңдік» басты сөзге айналады. Яғни Жаңа жылда тек жұмыспен айналысып кетуге немесе толықтай сезімнің жетегінде кетуге болмайтынын ескеріңіз. Жылдың алғашқы бөлігінде жұмыс пен махаббат арасында тепе-теңдік сақтауды үйренсеңіз, жыл соңына қарай нағыз бақыттың не екенін сезінетін боласыз. Жақындарыңыздың айтқанына сеніп, жетегінде кетпеуге тырысыңыз. Қалай болғанда да, Доңыз сізге көп көмегін тигізеді.

2022 жылы «Мақсатымды көріп тұрмын, ешқандай кедергі жоқ және бастысы өзіме сенемін» деген өмірлік ұстанымыңыз өз күшін жоғалтады. Әрине, Доңыздың өзіне сенімді және өзіндік мені бар адамды жақсы көретіні сөзсіз. Алайда ол менменшіл және тәкаппар адамдарды көп жақтыра бермейді. Сондай-ақ, ол адамдардың бойында қырағылық сынды қасиеттің болғанын қалайды. Сол себепті 2022 жылы бірнәрсені ойланбай істеуден аулақ болыңыз. Сарышаяндарға алғаш рет салқынқандылықпен бірге жүректің көмегі қажет болады. Егер түйсігіңізді жақсылап жаттықтыратын болсаңыз, алдағы уақытта оның көп көмегі тиеді.

Доңыз жылында көбірек ақша тауып, оларды ретімен жұмсауды үйренесіз. Ақша мәселесіне қатысты қандай да бір дұрыс емес таңдау жасаған кезде тағдыр сізді белгі беріп сақтандырады. 2022 жылы көп нәрсе жасап үлгеруге тырысатыныңыз сөзсіз. Мұнда жоспар құрмасқа болмайды. Сондай-ақ, жоспарды өміріңіздің барлық маңызды саласында құрғаныңыз жөн. Осының арқасында назарыңызды бір іске ғана емес, керектінің барлығына бағыттайсыз. Бұдан өзге белгілі бір салада біліміңіздің жетіспейтініне көз жеткізіп, тағы бір оқуға түсесіз. Бұл өте дұрыс шешім.

Сіз барлығын басқарып үйреніп қалғансыз. Бірнәрсені уысыңызда ұстамасаңыз, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Ең бастысы, 2022 жылы осы қасиетіңізді көрсететін жер табылады. Кейде басыңызға бақ қонып, ісіңіз біреудің арқасында жақсы жүріп жатқандай көрінеді. Қалай болғанда да, барлығының сәтті өтіп жатқаны үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз. Қолыңызға көп ақша түссе, бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсаңыз. Мәселе тек ақшада емес, адамдарға жылулық сыйлай білуде.

Қаржылай қиындықтарыңызды асқан батылдықпен шешіп, сүйіктіңізге жақсылап көңіл бөлетін кез келген сияқты. Сондай-ақ, сізді алда жаңа жобалар күтіп тұр. Ең бастысы — сіз ойланамын дегенше, бұл мүмкіндіктердің уысыңыздан шығып кетпеуі. Жоспардан ауытқып кетіп жатсаңыз да, алғашқы қадам жасау — үлкен жетістік екенін жадыңыздан шығармаңыз.

Егер жаңа жылда жалқаулығыңыз бен қорқынышыңызды жеңе білсеңіз, тау мен тасты қопаратыңыз сөзсіз. Табыстылық сіздің екінші есіміңізге айналады. Ең бастысы, майда-шүйдеге мән бермей, алдын ала құрастырылған жоспарға сай жұмыс істеңіз. Бәрінен қиын сәтте жақындарыңыздың жүрегін жылыту сіздің қолыңыздан келеді. Сол себепті, туған-туыстарға да зер салып қойғаныңыз жөн. Дәл қазір олар сіздің қолдауыңызға зәру болып жүр. Бұлай жасауға сізге тұйықтығыңыз кедергі келтіруі мүмкін. Десе де, жақындарыңызға сүйеу болу арқылы бақытқа кенелетініңізді ұмытпаңыз.

2022 жылдың есік қағып, табалдырықтан аттауына аз ғана уақыт қалды. Жаңа жыл отбасыңызға бақыт пен береке, байлық, зор денсаулық әкелсін!

Туған жылыңыз бойынша 2022 жылдың жұлдыз жорамалы

(1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)

Тышқан жылы туғандар 2022 жылдың иесімен бірден-ақ тіл табысып кетеді. Бұл кезең Тышқандар үшін трамплин секілді болмақ. Олардың көлеңкеден шығып, өздерін ашып көрсететін уақыты келді. Бұл – бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыруға таптырмас жыл. Алайда, алаңғасарлыққа жол бермей, өз жоспарыңызды мұқият ойластырыңыз. Бұл жылы дүниеге келгендердің көбісі білектің күшімен емес, ақылмен жасайтын жұмыстардан көбірек табыс табады. Жылдың орта тұсында кей Тышқандар өздерінің ұйымдастырушылық қабілетін бар қырынан ашып көрсетеді.

Тышқандар сүйікті адамдардың жанында болады. Жақындарыңыздың пікіріне құлақ салып, олардың шешіміне түсіністікпен қараңыз. Олар сіздің сеніміңізді міндетті түрде ақтайтын болады. Жұбайыңыздан жыл соңында керемет сыйлық күтіңіз. Ал ажырасуды ойлап жүргендер жеті рет өлшеп, бір кескендері дұрыс. Эмоцияға беріліп асығыс қабылдаған шешімнің зардабы көп. Жалғызбасты Тышқандарды жыл басында немесе күз мезгілінде жаңа таныстықтар күтіп тұр. Өз интуицияңызға сеніп, өмірлік серігіңізді қорықпай таңдай беріңіз.

Тышқандардың 2022 жылы денсаулығында айтарықтай кінәрат болмайды дейді жұлдыздар. Тек жүйке жүйеге салмақ салатын жайттардан, жұмыстардан аулақ жүру жеткілікті. Жаз уақытында экзотикалық асхана мен алкогольді сусындардан абай болыңыз.

Қаржылық тұрғыдан Тышқандар Доңыз жылында аса қинала қоймайды. Тек жыл басында аздап таршылық көруі мүмкін. Тек байбалам салып, қарызға батып кетпесеңіз, бұл қиындықтан жылдам құтыла аласыз. Таршылық көрсеңіз, туыстарыңыздан не жақындарыңыздан қарыз ала тұрыңыз. Ал жұмыста бар жауапкершілікті өзіңізге алып, бас-көзсіз шапқылай бермеңіз. Тек көңіліңіз қалаған шаруалардмен айналысқаныңыз жөн. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынастың пайдасы тиеді.

Сиыр

(1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)

Жыл иесі Доңыз Сиырларды аса ұната бермейтіні бар. Соған қарамастан Сиырлар бойындағы тамаша қасиеттері табандылық пен еңбексүйгіштікті көрсетсе болғаны. 2022 жыл бизнесте үлкен табысқа, жұмыста зор жетістікке жеткізеді. Сиырлар өз эмоцияларын іште қалдырып үйренгендері жақсы, себебі, Доңыз жылында соның кесірінен көптеген кедергілерге ұшырауыңыз мүмкін. Сол секілді отбасы жағдайында да кикілжіңдер болуы ғажап емес. Сабырлық кез келген проблемадан шығудың тиімді жолы. 2022 жылы Сиырларға табандылық пен жауапкершілік өте-мөте қажет болады. Шығармашылық қырыңыз ісіңіздің алға өрлеуіне көмектеседі. Доңыз жылы – жұмыс ауыстырудың, материалдық ахуалыңызды көтерудің ең оңтайлы уақыты. Жалпы, Сиырлар бір шешім шығару үшін мың толғанады, алайда нақты мақсат қойсаңыз, тау қопаруға қайратыңыз жетеді.

Отбасылы Сиырларды тағы бір «бал айы» күтіп тұр. Сол секілді бала күтіп жүргендердің арманы орындалмақ. Ал бойдақ жандар өз теңін табуға жақсы мүмкіндік бар. Тек үйде отыра бермей, жиі қыдырып тұрыңыз. Жыл бақытты сәттерге толы болмақ. Тағы бір ескере кететін жайт, үйдегі шиеленіскен мәселелерді ашумен емес, ақылмен шешіңіз. Себебі, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыз суып кетуі мүмкін. Сол сияқты сүйіктіңіздің көзіне шөп салмаңыз. Себебі, соңында ол сіздің өміріңіздің күл талқанын шығаруы мүмкін.

Сиырлардың денсаулығы жақсы болғанына қарамастан, 2022 жылы пролемалар болуы мүмкін. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Басты проблема – жүйке жүйесі арқылы келеді. Болар-болмас жайттың бәріне күйіп-пісудің қажеті шамалы.

Нақты қойылған мақсаттар биікке шығарады. «Міндеттелген» жұмыстар мен «осылай істелуі керек» деген тапсырмалардан жақсылық күтпеңіз. Көп жұмысты атқаруға өзіңіздің қабілетіңіз де жетіп жатыр. Көп Сиырларды іссапарлар мен үйден тыс жатқан жобалар күтіп тұр. Алғашқы жарты жылдықта қаржылық жағынан тұрақсыздық болады. Абыржымаңыз, шілде айнына бастап, бәрі реттеледі.

Барыс

(1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)

Жыл иесі Доңыз еңбексүйгіш Барысқа құшағын ашпақ. Осы қасиетіңіз арқылы қолдаушылар да жеткілікті болады. Бұл жылы сіздерге өткір ақыл, аңғарымпаздық сияқты қабілеттер қажет. Сонымен қатар, Доңыздың жылында айналаңыздағылар сіздің ақылыңызға көп жүгініп, жол сұрамақ. Ешкімнің көңілін қалдырмай, қолыңыздан келгенше, кеңес беріп отырыңыз. 2022 жыл саяхаттауға, қала ауыстыруға жақсы мүмкіндіктер ашады.

Жалғызбасты Барыстар көре алса, «бақыттары» қасында жүр. Оларға тек аса жоғары талаптарын төмендеткендері дұрыс. Сол секілді, кітапхана, театр, көрме секілді орындарға жиі барғаны жақсы. Сіздің жүрегіңіздің иесі сонда жүрген де болар. Ал 35 жастан асқан отбасылы Барыстарда ешқандай проблемалар жоқ. Олардың үйінде бақыт құсы жыл бойы қонақтайды. Ал 35-ке дейінгі Барыстар өздерінің эмоцияларын басқара алмауының кесірінен сүйіктілерін жиі ренжітіп ала беруі мүмкін. Өз-өзіңізді ұстап, бақыттың бетін қайтара бермеңіз!

Белсенді өмір салтын ұстанушы жандардың денсаулығында кінә болмайды. Ал жалпы Барыстардың басты проблема – тыныс алу жолдары. Онымен қоса, репродуктивті жүйеге де көңіл бөлген дұрыс. Қажет болған жағдайда, кейінге шегермей дәрігерге қаралып жүріңіз.

Барыс жылында туғандар өзіне қызық емес жұмысқа сирек келісіп жатады. Олар жаны сүйетін немесе басшылық қызметке әуес. Сондай-ақ, Барыстарда қаржылық тапшылық болмайды деуге болады. Артық проблемаларға жолықпас үшін құмар ойындар мен күдік тудыратын жобалардан аулақ болыңыз. Өзіңіздің аңғалдығыңызды біле тұра, елдің бәріне сене бермеңіз. Сенгіштігіңіздің кесірінен алаяқтарға тап болуыңыз әбден мүмкін.

Қоян

(1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)

2022 жыл Қояндарға толы позитив сыйлайды. Алайда, көздеген мақсатыңызға жету үшін барынша еңбектенуіңіз керек. Оның жемісін жыл соңында көретін боласыз. Кейбір Қояндар өз кәсібін ауыстырса, бірі қаланы, бірі имиджін өзгертеді. Өз ақылыңызға ғана арқа сүйеп, тани қоймаған адамаңызбен байланыс орнатудан аулақ болыңыз. Бастысы таусылмас күш пен қажырлы қайрат қана сіздің екі қанатыңыз болып, алға жетелейді.

Жыл иесі Қояндарға жаңа кездесулер мен тосын сыйлар дайындап отыр. 2022 жыл отбасы құруға ыңғайлы жыл. Ал отбасылы Қояндардың бірі бақыттың бесігінде тербелсе, кейбірі нағыз «бұрқасын» өмірге тап болады. Жанұядағы тыныштықты орнату әркімнің өз қолында. Қайталана беретін күнделікті өмірді қызықты кештерге толтырыңыз. Жұмыстағы қатаң талап пен іссапарлар отбасы шырқын бұзуы мүмкін.

Қояндар үшін бұл жылғы басты проблема ас қорыту жүйесі болуы мүмкін. Сол үшін фас-фуд пен тез әзірленетін тағамдардан аулақ болыңыз. Артық тамақтанудан да қорлық көруіңіз ғажап емес. Денсаулығыңызды бір қалыпты ұстау үшін өз уақытында демалып, ұйқы тыныштығына мән бергеніңіз жөн.

Қояндар үшін Доңыз жылы әртүрлі жағдаяттардың арасынан баланс іздеуді талап етеді. Жұмысқа басыңызбен кіріп кетпей, отбасыға көңіл бөліп отыру керек. Айналаңызда сенімді адамдар болса, қызметте жетістіктер күтіп тұр. Басшылық еңбекқор Қояндарды бағалайды. Жұмыс іздеп жүргендерге жақсы қызметке орналасу мүмкіндігі бар. Өз сәтіңізді жіберіп алмаңыз!

Ұлу (айдаһар)

(1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)

Ұлуларға айналасында болып жатқан оқиғалар қатты әсер етеді. Сондықтан байсалды болып, эмоцияңызға берік қарап, оптимизммен достасып алыңыз. Көптеген Ұлулар бұл жылы жаңа қызметке ие болып, қаржылық мәселелерін реттеп, ескі арманын жүзеге асырады. Қай салада болмасын өзіңіздің потенциалыңызды көрсетсеңіз, абырой-атақ пен жақсы жалақы күтіп тұр. Жұлдыздар Ұлуларға айналасындағы «қажет емес» достардан арылуға кеңес береді. Олардан дер кезінде құтылмасаңыз, сіздің кемеңізді суға жіберіп, ісіңіздің алға өрлеуіне кедергі болады.

Бойдақ Ұлуларда жаңа таныстықтар міндетті түрде болады. Сол үшін қазірден бастап, сыртқы имиджіңізге назар аудара беріңіз. Отбасылы жандарға Доңыз жылы сезім толы тостаған ұсынды. Тек уысыңыздан шығарып алмаңыз! Кей ұлулар эгоизмге толы өздерінің ерсі іс-әрекетімен отбасы тыныштығын бұзуы мүмкін. Әсіресе, жылдың екінші бөлігінде абай болыңыз.

Күнделікті жұмыстан жүйкеге түсетін салмақ шаршатуы мүмкін. Егер ұйқысыздыққа тап болсаңыз, күйзелістің алғашқы белгісі осы. Дер кезінде демалыс алыңыз! Оның арты ас қорытудағы мәселелерге алып баруы мүмкін. Бұл жылы Ұлулар майлы, қуырылған тамақтардан бас тартып, көкөніс пен жеміс-жидекке ден қойса, артық проблемалар болмайды.

Бұл жылды нақты жоспарлармен бастаған дұрыс. Сіздің интуиция, ауқымды ойлау, шешім шығару алдындағы батылдық секілді қырларыңыз ашылуы мүмкін. Алға ұмтылушылығыңыз бен еңбексүйгіштігіңіз қаржылық жағдайды тұрақты етеді. Көп табыс жаңа заттарды алуға деген қызығушылығыңызды тым оятып жіберу мүмкін. Үнемдеуді үйреніп, инвестициялық жобаларға иек артуыңыз керек. Құмар ойындардан сақтаныңыз. 2022 жылы жіберген кішкентай кемшілігіңіз сізді үлкен қаржылық қиындықтың аузында қалдырады.

Жылан

(1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)

Жыл иесі Доңыз Жыландарды аса ұнатпағанымен, осы жылы сіздің әрекеттеріңізді сүйіспеншілікпен бақылайтын болады. Оған сіздің сырлы образыңыз, сұлулығыңыз, мақсатка беріктігіңіз бен жалғыздыққа құмарлығыңыз ұнайтын болады. Өмірді өзгертуге көптеген мүмкіндіктер беріледі, бірақ оны пайдалану өз қолыңызда! Жұлдыздар мансабыңыздан бөлек, сыртқы келбетіңізге де көңіл бөлуге кеңес береді. 2022 жылы ақылға жүгінген жұмыстарда сіздің фантастикалық идеяларыңызды іске асыруға көмегі болады. Көбі ғылым, бизнес пен саясатта жоғары жетістікке жетеді. Бұл жыл болашақты жоспарлаудың тиімді жолдарын ұсынады.

Жыландардың көбі отбасыдан бөлек, мансапқа көп көңіл бөледі. Сол себепті, отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті дұрыс сақтауға шақырамыз. Жалғызбасты жыландар өз өмірлік серігін табам десе, лезде. Ол үшін достар мен таныстарыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Мықты дамыған интуицияңыз сізге қажет адамды дәл тауып береді. Отбасылы жандар үшін 2022 жылдың басты проблемасы қызғаныш болуы мүмкін. Сол сияқты бала тәрбиесінде де қиындықтар кездеседі.

Жыландардың жұмысбастылығы күйзеліске түсіруі мүмкін. Ситуацияны қолда ұстамаса жүрек пен жүйке жүйесіне ауыртпалық түседі. Сіздер өз эмоцияларыңызды берік ұстауға үйренгенсіздер, соның кесірінен психологиялық шиеленіске тап болуларыңыз ғажап емес. Уақтылы дем алып, саяхаттап, салауатты өмір салтына көбірек көңіл бөліңіз.

2022 жылы қаржы, ғылым, ІТ-технологияда қызмет ететіндердің жұлдызы жанады. Сол сияқты жерге, ауыл шаруашылығына қатысты кәсіп табысты болмақ. Ал қаржылық тұрақтылығыңыз бұл күнге дейінгі табысыңызға тікелей байланысты. Жарты жылдықта табыстың көлемі ұлғаймағанмен, жаз мезгілінен бастап, қалтаңыз қалыңдай түспек.

Жылқы

(1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014)

2022 жылы жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, алға ұмтылушылық пен жауапкершілік Жылқыларға аса қажет болады. Уақытыңызды босқа өткізбей, пайдалы істерге жұмсасаңыз жыл соңында жақсы жетістік күтіп тұр. Бұл жылы жаныңызды ауыртатын шешімдер шығаруға тура келетін сәттер болады. Екінші жарты жылдықта өміріңізді түбегейлі өзгертетін, жоспарыңызда болмаған жағдаяттар тууы ықтимал. Доңыз жылында басты ұраныңыз «биыл не ексем, келесі жылы соны орамын» болсын!

Жылқы жылынды туғандарды жақын адамдарының үлкен махаббаты күтіп тұр. Доңыз жартысын іздеген жандарға «сыйлық» дайындап отыр. Егер қарым-қатынасыңызда шиеленіс болып, кетудің ыңғайын таппай жүрсеңіз, ойланбаңыз. Бұл жағдайды жеңіл өткізетіңізге уәде береміз (мұндай қадамды он ойланып барып жасаңыз). Тек жұмысқа берілген Жылқылардың ғана отбасында ұрыстың ұшы шығуы мүмкін. Сол үшін жақын жандарыңызға көбірек уақыт бөліп отырыңыз.

Көп Жылқылардың тез ренжігіштігі жүрекке салмақ салады. Жұмысбастылықтан аулақ болып, өзіңіздің жаныңыз сүйетін саяхатқа, табиғатқа шығып тұрыңыз. Сізге табиғат энергиямен жақсы қамтамасыз еткен. Өз энергияңызды дұрыс пайдаланып, салауатты өмір салтын сақтаныңыз.

Жылқылардың бұл жылы жұмысы жетерлік болады. Оның өтемақысы да жақсы екеніне күмән жоқ. 2022 жыл сіздің есіңізде өте сәтті уақыттың белгісі ретінде қалады. Көп Жылқыларды қызметте өсу күтіп тұр. Басқа да жүктелген жұмыстардан қашпаңыз. Кәсіпкерлікті көздеп жүргендерге – жасыл түс. Еш қорықпай өз қабілетіңізді бизнесте сынаңыз. Еңбегіңізге қарай, жеңісіңіз көп болады.

Қой

(1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)

2022 жыл жақсы жаңалықтар әкелмек. Бірақ, ол үшін барынша күш-жігеріңізді жұмсауыңыз керек. Жауапкершілікті бойыңызға дарыта білсеңіз, жұмыста да, жеке өміріңізде де ісіңіз алға өрлейді. Жинақы бола алмауыңыздың зардабын көріп те жүрген боларсыз. Сонымен қатар, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп үйреніңіз. Доңыз еңбекқор жандарды ұнататынын естен шығармаңыз.

Қойлардың айналасында көз салып жүрген адамдар көп. Ол жалғызбастылар үшін таңдауда қиындық туғызса, отбасылы жандардың қарым-қатынасына кері әсер етеді. Қызғанышқа жол бермеңіз. Өмірлік серігіңізбен бірге жасалған қадам жанұялық іргеңіздің бекуіне ықпал етпек. Бойдақ жандар таңдауда көп бас ауыртып, нақты шешім шығара алмай қамығуы мүмкін. Жүрегіңізді тыңдаңыз. Асықпаңыз. Шалыс қадам шырқыңызды бұзады.

Белсенді өмір салтын ұстанған Қойлардың денсаулығы мықты болады. Тек жүйкеңізді сақтаңыз. Күйгелектік жүрек-қан тамыр ауруларының белең алуына итермелейді. Уақыт тапшылығына қарамай, достарыңызбен жиі кездесіп, театрға барып, саяхаттап тұрыңыз. Жақын жандарыңызбен әңгімелесу сіздің ішкі жан дүниеңізге жылулық сыйлайды.

2022 жылы Қойлар қаржылық тапшылық көрмейді. Аспа-төк байлыққа кенелмесе де, үнемдеп жүрудің қажеті болмайды. Ол үшін әрине қажырлы жұмыс істей білу керек. Кез келген сәтсіздіктен тоқтап қалатындардың күні қараң. Бастаған ісіңізді міндетті түрде соңына дейін жеткізіңіз. Табыс сіздің табандылығыңызда жатыр. Айналаңыздағыларға аса сақтықпен қараңыз. Сіздің еңбегіңіздің арқасында пайда көргісі келетіндер шығуы мүмкін.

Мешін

(1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)

Жыл иесі көңілді әрі алғыр Мешіндерді жаны сүйеді. Сондай-ақ, оған сотқар, айналасындағыларын әрқашан күлдіріп жүретіндіктері ұнайды. Бұл жыл бір орында отыра алмайтын Мешіндерді көп саяхатқа алып шығады. 2022 жылы шығармашылық пен махаббат тұрғысынан сәтті болмақ. Әртүрлі оқиғалардың ағылып келуі сіздерден сақтықты талап етпек. Егер ойлағаныңыз болмай жатса, салыңыз суға кетпесін. Өзіңізге аз-кем уақыт беріп, екінші рет қайталап көріңіз. Күйгелек мінезіңізді өзгертуге тура келеді. 2022 жыл шығармашылық жандарды өрге сүйрейді.

Жалғызбасты Мешіндердің өз жұбын табуға арналған жыл болғалы тұр. Сіздің назды қылығыңыз бен әңгімешілдігіңіз махаббат әлемінде өз көмегін тигізеді. Алайда, ондай жанды ойын-сауық орындарынан іздемеу керек. Жұлдыздар Мешіндерге бұл жылы ондай орындардан біршама аулақ жүруге кеңес береді. Отбасылы жандар күнделікті күйбең тірліктен арылып, саяхаттауға көңіл бөлгендері жақсы. Әйтпесе, өмір қызықсыз көрініп, отбасылық кикілжіңдер тууы ғажап емес.

Барлық істі өзіне алу қасиеті Мешіндерді күйзеліске түсіруі мүмкін. Онымен қоса, қан қысымы мен ұйқы мәселесі туындайды. Бұл мәселелерден спорт, йога, табиғат аясында серуендеу құтқармақ. Жұлдыздар Мешіндерді сүйек пен былшықет жүйесіне сақ болуға шақырады. Омыртқа жотасы мен буындар да әбігерге салып жатса, дәрігерге уақыт өткізбей жазылып қойыңыз.

2022 жылы белсенділік пен ынта сізді биікке шығарады. Көптеген Мешіндерді Доңыз жылында табысқа кенелтетін жаңа жұмыс орны күтіп тұр. Жаңа қызметке бірден кірігіп, әріптестеріңізбен тез тіл табысатыныңызға ешкім күмән келтірмейді. Кірістің көп болуы қаржыны оңды-солды жұмсауға итермелеуі мүмкін. Қаржылық жоспар құрып, шығындарыңызға аса мән бергеніңіз дұрыс.

Тауық

(1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017)

2022 жыл Тауықтарды тамаша жетістіктер мен мол табысқа жеткізеді. Әйткенмен, оған жету жолы маңдай терді талап етуі мүмкін. Байсалды болыңыз. Жыл басы аса қиын соғады. Жүктелген міндеттің көптігінен мезі боласыз. Одан қорқудың қажеті жоқ. Көктем бастала сала, өз өміріңізді реттеп, қалаған жұмысыңызбен айналысуға мүмкіндік туып тұр. Капитал салымын көп талап ететін жобаларға жүгірмеуге тырысыңыз.

Доңыз жылы отбасы бақытын сақтау үшін қызғаныш пен орынсыз талаптарыңыздан аулақ болыңыз. Жақын жандарыңызға ашық әрі шынайы болыңыз. Бұл серігіңізге моральдық қолдау береді. Сол секілді жұлдыздар 2022 жылы шаңырақ көтерген Тауықтардың некесі берік болатынына уәде береді. Ол үшін болашақ жарыңызды сыртқы келбеті мен байлығына қызықпау керек. Иә, Тауықтардың жоғары талабы оларды жалғыздыққа жегіп қойған. Талабыңызды жұмсартыңыз.

2022 жылы Тауық жылы туғандар ас қорыту жүйесіне назар аударғандары жөн. Дұрыс тамақтанып, майлы тағамдар мен алкогольды сусындардан бас тартыңыз. Міндетті түрде белсенді өмір салтына көшіңіз. Жұмыстың көптігі шаршатып, қысымыңызға кері әсер етіп жатса, дер кезінде достарыңызбен балық аулауға шығып, боулинг ойнап, уақытыңызды пайдалы өткізіңіз.

Қызметте өзін көрсете алған Тауықтарды жақсы табыс күтіп тұр. Тек өзіңіздің еңбекқорлығыңызды бар қырынан ашып көрсету керек. Жұмысыңыз кіріс әкелмей жатса, басқа кәсіппен айналысып көріңіз. Үмітіңіз міндетті түрде ақталмақ.

Ит

(1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)

Өткен Ит жылында басталған ісіңізді Доңыз жылында ешқандай проблемасыз жалғастыра бересіз. Шығыс жұлдыз жорамалы 2022 жыл жақсы жаңалыққа толы болады дейді. Тұрақтылыққа үйренген Иттер өмір сүру ырғағын аздап өзгертулеріне тура келеді. Жұмыста не отбасыда кикілжіңдер туындап жатса, ақылыңыз бен шыдамдылығыңызға сенім артыңыз.

Ит жылында туғандар отбасыға берік жандар. Осы беріктігі міндетті түрде жақсылықпен қайтады. Егер жанұяда біреуі Ит жылында дүниеге келген болса, перзент күтсін. Қытай жұлдызшылары Доңыз жылында туған бала интеллекті жоғары, жігерлі, интуициясы дамыған болады дейді. Ал жалғызбастылар саяхатта өз серігін кездестіреді деген болжам жасайды.

2022 жылы Ит жылында туғандардың бауыры сыр беруі мүмкін. Сол үшін майлы тағамдар мен фастфудтардан аулақ болыңыз. Жүктелген жұмыстардың көптігі ұйқысыздық пен асқынған шаршауға жеткізеді. Оның барлығы жүйкеңізге салмақ салады. Дер кезінде демалысқа шығыңыз. Жай ғана көшеде серуендеудің пайдасы көп болады. Уақытыңыз болып жатса, спортзалға жазылып, йогамен шұғылданыңыз.

2022 жылы сіздің қалтаңыз қалыңдайтын жыл. Тек жұмыстағы белсенділігіңіз төмендемесін. Бұрыннан армандап жүрген көлік пен баспаналы боласыз. Жұмыс ауыстыруды көздеп жүргендерге жаңа жол ашылады. Жұлдыздар қызметіңізде жаңа жетістіктер күтіп тұр дейді.

Доңыз

(1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007)

Доңыз жылы туғандардың айы оңынан тумақ. Оған таң қалудың еш қажеті жоқ, Себебі Бұл жыл сіздікі емес пе? Өз қалауыңызды кейінге шегермей, бүгіннен бастап жүзеге асырыңыз. Сіздің сарқылмайтын оптимизміңіз, жеңіл әзілдеріңіз бен еңсеңіздің ешқашан түспейтіндігі бұл жылы көп кедергілерге төтеп беруге жәрдемдеспек.

Доңыз отбасындағы тұрақтылықты жоғары қояды. Жақын жандарыңызға көңіл бөліп, сезім беріктігін сақтай түсіңіз. Сонымен қатар, үй айналасын жасыл белбеуге айналдыруға ықыласыңыз ауады. Бала сүйе алмай жүргендер армандарына жетпек. Ал бойдақ жандар жанына қажет адамды іздеуге аса жауапкершілікпен қарасын. Иммиджін өзгертіп, спортзалға жазылудың пайдасы тимек.

Доңыз жылында туғандардың көбі ұзақ жасаушылардың қатарына кіреді. Алайда, олардың біршамасы уақытын бос өткізуге бейімдеу келеді. Қимыл-тірек аппаратында проблемалар туындамау үшін белсенді өмір салтын сақтаңыз. Дене шынықтыруға көңіл бөліңіз.

2022 – сіздің жылыңыз. Күш сала білсеңіз, әріптестеріңіз бен достарыңыздың арасында абыройыңыз артып, қызметте өсу баспалдақтары күтіп тұр. Сіздің болашағыңыз осы жылы жасалған жұмыстарға тікелей байланысты. Хоббиіңіз жақсы кіріспен қамтамасыз етуі ықтимал. Ақшаны қалай оңай тапсаңыз, жұмсалуы да солай болады. Сол себепті, қаржылық мәселеге ерекше көңіл аударыңыз. Қарыз бен несиеге жоламауға тырысыңыз.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*


Adblock detector